Skip to Content

Perwoll Ақ түсті және матаны қалпына келтіру әсері

Ғажап ақ түспен және тамаша пішінмен көзге түсіңіз!

Fibrex-tech* формуласы бар Perwoll кір жууға арналған гелі сіздің киіміңізге күтім жасайды және кір жуу кезінде бояғыштың жұғуына кедергі жасай отырып матаның беріктігін сақтайды.
*Фибрекс-тек

Матаның түсін қалпына келтіру әсері бар Fibrex-tech** формуласы кір жуған сайын киімге белсенді күтім көрсету және заттарыңыздың жаңа әдемілігін сақтау үшін арнайы әзірленген болатын. Ол ластануларды ұқыпты жуып кетіре ғана қоймай, киіміңізге екі негізгі бағытта тамаша күтім жасайды:

1.ТҮСТІҢ қанықтығы

Кір жуу кезінде бояғыштың жұғуына кедергі жасай отырып, түстің ашықтығын сақтайды.

Perwoll құралдарының құрамында кір жуу барысында ерітіндіге көшетін бояғыш молекулаларын бұғаттай отырып, олардың бір түсті заттан екіншісіне ауысуына кедергі жасайтын белсенді компонент бар.

Жарықтың оңтайлы жағылысуы үшін кедір-бұдырлы талшықтарды тегістейді.

Perwoll құралдары құрамындағы арнайы энзимдер кешені мата талшықтарының құрамындағы целлюлоза молекулаларымен таңдамалы өзара әрекеттесіп, кір жуған сайын матадағы қылшықтар мен түйірлер санын азайтады.

2. МАТАНЫҢ беріктігі

Матаның беріктігін сақтайды.

Арнайы әзірленген формуланың арқасында Perwoll кір жуғыш ұнтақпен салыстырғанда кір жуған кезде мата талшықтарына ұқыпты әсер етеді. Ұнтақтан қарағанда, Perwoll-дың құрамында матаның беріктігіне және, соның салдарынан, заттарыңыздың пішініне әсер ете алатын бейорганикалық тұздар мен минералдық компоненттер айтарлықтай аз.

  • Осы әсер Дюссельдорф қаласында 2017 жылғы тамызда «Хенкель Рус» ЖШҚ өндірген кір жуғыш ұнтақпен салыстырғанда өткізілген Хенкель ішкі сынақ барысында расталған. Сынақ барысында бірнеше мата түрлері (мақта, вискоза, полиэстер, мақта мен полиэстер қоспасы) құралдың стандартты мөлшерімен 10-мәртелік жууға шалдыққан. Содан кейін матаның үзілуін және созылуын тексеру үшін матаның беріктігі анықталған. Нәтижелер Perwoll-дың, кір жуғыш ұнтаққа қарағанда, матаның беріктігіне айтарлықтай аз жағымсыз әсер тигізетінін, осылайша заттарыңыздың әдемілігін сақтауға көмектесетінін көрсетті.

**Фибрекс-тек

Дұрыс мөлшерлеу

Бұйымдардың заттаңбаларындағы кір жуу бойынша ұсынымдарды үнемі орындап отырыңыз. Perwoll-ды кір жууға арналған негізгі құрал ретінде пайдаланыңыз. Perwoll-ды кір жуғыш ұнтаққа арналған бөлімшеге құйыңыз.

Машинамен кір жуу (жұмсақ және қалыпты су)

  • 60 мл: жеңіл ластану
  • 90 мл: орташа ластану
  • 120 мл: қатты ластану

Қолмен кір жуу

  • 40 мл 5 л-ге

Температура

  • 30 °C-тан 60 °C-қа дейінгі температурада жууға жарамды

Шығысы

  • 1 л = 16 рет кір жуу (2-3 кг-нан)

Түсті заттарды жуу үшін жарамды, олардың ішіне жүннен және жібектен тігілген киім кірмейді, себебі оны Perwoll Жүн мен Жібек құралын пайдаланып жуу жөн көрінеді.

Басқа өнімдер

Киіміңізді күтіп ұстау үшін бұрынғыдан көп өнімдерді табыңыз.

  • Perwoll Жүн және Жібек

  • Нәзік хош иісі бар ұқыпты кір жууға* арналған №1 гель

  • Түсті және Матаны қалпына келтіру әсері

  • Қара түсті және матаны қалпына келтіру әсері

  • Perwoll Күтім көрсету және Қалпына келтіру