Skip to Content

Алтын тігіс — баяу сән керамиканы қайта қалпына келтірумен шабыттанды

Қолөнерге арналған баяу сән идеялары жайлы видеоларымыздың үшінші бөлігінде кинцугидің бізді шабыттандырған идеясын меңгереміз. Сынған заттардан әдемілік табуды үйрететін ваби-саби философиясы жапон қыш өнерін қалай шабыттандыратынын біле отырайық. Бірінші мақалада сіз жыртылған джинстерді кинцуги стилінде қалай жөндеуге болатынын біле аласыз <ссылка на статью о джинсах Кинцуги>. Ал екінші мақалада Кинцуги өнері арқылы тесіктерді жамау идеялары көрсетілген.

Енді біз кинцугидің алғашқы техникасына назар аударып, оны жыртылған футболкаға қалай қолдануға болатынын меңгереміз.

Қолөнерге арналған баяу сән идеялары: бояу арқылы жөндеу

Біздің Кинцуги стиліндегі үшінші видеомыз бен қадамдық нұсқаулығымыз көріксіз тесікті әдемі ерекше киімге қалай айналдыруға болатынын көрсетеді. 

Футболканың тесігін мақта мата, жібек немесе атлас сияқты маталармен жөндеу мүмкін емес. Тесіктерді жасыруға тырысудың орнына қыш бұйымдарына арналған кинцуги идеясын басшылыққа алып, оларды айқындаңыз. Бұл ежелгі жапон техникасы сынған қыш, фарфор және басқа да қыш бұйымдарын алтын лактың көмегімен жабыстыруға негізделген. Соның арқасында жарықшақ әдемі ою-өрнекпен өңделіп, бұйымның ақауы емес, тартымды ерекшелігіне айналады.

Жыртылған футболкаға Кинцуги қолдану. Баяу сән рухындағы қолөнерге арналған идея

You need to accept cookies to play this video

Сізге қажет заттар:

  • Қарапайым футболка (немесе қарапайым матадан жасалған кез келген киім)
  • термоклей лента; 
  • үтік;
  • матаға арналған алтын бояу (біз түтіктен сығып алуға болатын көлемді бояу пайдаландық).

 

Не істеу керек:

1. Тесікті жамауға қажетті мөлшерде және пішінде термоклей лентаны кесіп алыңыз.

Schritt 1: Eine Frau schneidet Nahtband, um ein gerissenes Shirt zu reparieren.

2. Футболканы теріс айналдырып алыңыз да, тесікке лентаны қойып, оны жабыстыру үшін үтікпен басыңыз.

Schritt2: Eine Frau wendet das Shirt, um das Nahtband auf Links zu bügeln

3. Футболканы қайта теріс айналдырып, жарықшақтарды бояуға дайындалыңыз.

4. Қосымша өзіңіз қарындашпен, бормен, жуылып кететін маркермен немесе сабынмен қалаған өрнегіңізді салып ала аласыз. Егер мата өте жұқа әрі мөлдір болса қағазға сурет салып алып, оны футболканың астына қойып, үстінен басып көшірсеңіз де болады.

5. Әр сызықты үзбей салуға тырысыңыз.

Schritt 5: Frau benutzt Goldfarbe, um mit der Kintsugi-Technik ein gerissenes Top zu reparieren

6. Сурет әбден кебуіне мүмкіндік беріңіз және жуар алдында бояу кебуі үшін жоғары температураны пайдаланыңыз.

7. Мақтанышпен киіп алыңыз!

More Kintsugi-inspired slow fashion DIY ideas

Әрине, бүлінген ескі затты жаңа және әдемі өнер туындысына айналдыратын кинцуги әдісі жалғыз амал емес. Баяу сән рухында маталардың тесігін өз бетінше жамаудың тағы бірнеше балама идеяларын ұсынамыз.

  • Көлемді бояудың орнына, сіз әдеттегі мата бояуын пайдалана аласыз және оны щеткамен жағуға болады. Бұл техника, әрине, жапондық кинцуги шеберлері қолданатын техникаға жақын.
  • Егер сіз инемен және жіппен жақсы жұмыс істесеңіз, киімдерді жөндеу үшін алтын жіптерді пайдалана аласыз.
  • Кинцуги стилі бойынша жөндеуде кейде фарфордың немесе қыштың бір бөлігі басқа сынған ыдыстан ұқсас өлшемдегі бөлікке ауыстырылады. Осы әсерді қайталау үшін тесікті басқа матаның айқын бөлігімен жамап, шеттерін алтын бояумен бояп, немесе сәнді тігіспен тігіңіз.
  • Біз дәстүрлі кинцуги өнеріне лайықты құрмет көрсету үшін алтын түсті таңдадық, бірақ сіз қиялыңызға ерік беріп, кез келген реңктегі бояулар мен жіптерді таңдай аласыз.

Image credits:
Image of traditional kintsugi pottery: Shutterstock

Қатысты мақалалар

  • Кинцуги өнері

    Ежелгі жапон философиясын қолданып джинстерді қалай жөндеуге болады

  • Кинцуги идеяларының көмегімен жаңа жүн жемпір

    Ежелгі жапон философиясын пайдаланып, жүн жемпірді қалай жөндеуге болады.