Баяу сән дизайнері Даниэла Салазар заманауи саналы стиль жақтаушысы. Оның түрлі-түсті, уақыт талғамайтын қолөнер жауһарлары нәзіктігімен және бірегейлігімен ерекше. Біз Даниэламен сұхбаттасып, оны шабыттандыратын дүниелер туралы, дизайн мен сән туралы және тұтынушылар өнімнің қалай жасалғандығы жайлы неге ойлануы тиіс екені туралы әңгімелестік.
Жаһандану бізге киімдерімізді өндіретін адамдар қандай жағдайларда және қалай еңбек ететінін, сонымен қатар киім өндірісі біздің қоршаған ортаға қандай зиян тигізетінін көрсетті. Тұтынушы ретінде, заттардың шынайы құнын, және олар қалай өндірілетінін білуіміз керек. Біз бұдан да әділетті өндірісті талап етуіміз керек, себебі біздің сатып алатынымыз біздің сән индустриямызда байқап жатқан өзгерістерге үлкен әсер етеді.
Сізге қандай заттар қажет екендігін және қандай адамдар мен компанияларды қолдағыңыз келетіні жайлы ойланып, шешім қабылдауға уақыт бөле алуыңыз маңызды. Сонымен қатар, сатып алған киімдеріңізді бағалап, құнттап киюіңіз қажет. Сіз киімге деген көзқарасыңызды өзгертіп, қоршаған ортаның ластануы мен адамдарды асыра пайдалануға қатыспауыңыз керек.
Бұл түрлі заттар: архитектура, өнер, фотография, скульптура, жақсы кітап пен 50- 60-жылдардың сәні, сондай-ақ мен өмір сүрген жерлер мен, мен кездестірген әйелдер. Менің дизайнерлік еңбектерімді минималистік және биязы эстетика ортақтастырады. Мен сонымен қатар шығармашылық пен әйелдерге арналған киімнің қолайлығы арасындағы үндестікті табуға тырысамын. Бұл олардың сәнқойлығын, даралығын және мәдениетін көрсетіп тұруы тиіс. Жеңілдікке жету үшін маған идеяларды гүлдерге деген махаббатпен ұштастыру ұнайды.
Менің шығармашылық үдерісім уақыт өте келе өзгерді. Бұрын жылына екі коллекция шығаратынмын. Енді мен коллекциялар санын азайттым, оның орнына әр маусымда бірнеше жаңа еңбегімді немесе гүл нұсқаларын қосамын. Осылайша, процесс барынша табиғи бола бастады. Жыл бойы шабыт жинақтап, қандай жұмыстарды немесе түстерді қосуға болатынын, қайсын жақсартуға болатынын зерттеймін. Оған қанша уақыт құртатыным жұмысқа байланысты, бірақ әдетте жаңа дүние жасап шығаруға бірнеше апта кетеді.
Мен үшін маған ұнайтын мата табу ғана емес, ең жоғары экологиялық стандарттарға сай келетін компанияны да табу маңызды. Мен Германия, сонымен қатар Румыния, Испаниядан, Нидерланды мен Франция сияқты жергілікті европалық жеткізушілермен жұмыс істеймін. Ең алғашқы коллекцияларымда сүйікті киімдерім кендір мен мақтадан болды. Соңғы кездері өндірістен қалатын қалдық жіптерді қосуды шештім. Бұл ерекше түсті және текстуралы бірегей материалдарды қолдануға, және де маталардың қайта қолданысқа енгізілуіне мүмкіндік береді.
Таңдау жасау өте қиын, себебі мен әр бөлшегін жасау үшін көп еңбек еттім. Бірақ менің ең сүйікті жұмыстарымның бірі — Paloma топы. Ол менің дара стилімді көрсетеді: ол қарапайым, бірақ ода күрделі конструкция жасырылған. Сонымен қатар Park пуловерлері — бұл өз гардеробымда болуды әрдайым қалаған тамаша базалық киім. Оның пішіні қарапайым, әрі түстері әдемі. Маған сонымен қатар оның кендірден жасалғаны ұнайды. Бұл вегандарға тоқыма киім ретінде ұсынылған.
Мен баяу сән киімдерін әрдайым салқын суда жууды және оны тігінен кептіруді ұсынамын. Бұл қоршаған ортаға пайдалы ғана емес, сонымен қатар киімнің қызмет мерзімін де ұлғайтады. Оны жамап, жөндеу де киім өміршеңдігінің маңызды бөлігі. Киімімізді сүйіп және күтіп кисек ол бізге ұзағырақ қызмет ететін болады. Сондықтан мен әр киімге мата үлгісін де қосатын болдым. Бұл иесіне киім жыртылған жағдайда жамауға мүмкіндік береді.
Сапалы киім табу жеткіліксіз, оны өндіретін адамдардың өмірінде сапаны жақсартуға ұмтылу керек.
Image credits:
All images: Courtesy of Daniela Salazar