Гардеробыңызды барынша этикалық және экологиялық етудің ең қарапайым тәсілдерінің бірі — сізге шынымен ұнайтын киімдермен толтыру. Сізге жараспайтын, бір мезгіл ғана киілетін немесе сапасыз бір реттік киімдерді сатып алмау. Себебі гардероб пен стильді сәтті жаңартудың негізі сіздің тұлғаңызды ашатын заттарды білуде және оны іздеуге назар салуда болып табылады.
Біреулер үшін өз стилі мен ерекшеліктерін табу тым оңай, ал біреулерге бұл үлкен проблема. Төменде сенімділігіңізді арттыратын және әрдайым трендте болуға көмектесетін үш қадам берілген.
Сіздің рестайлинг бойынша саяхатқа жасаған алғашқы және ең қарапайым қадамыңыз ең қиыны болуы мүмкін.
Айта кету керек, әйел киімдерін жасаушылар көбіне оның эстетикалық жағын ғана ойлайды. Оны кию қаншалықты ыңғайлы болатынын ойлай бермейді. Сондықтан көптеген әйел өз қалауларын ұмытып, өзгелердің пікірі қандай болар екен деп уайымдайды. Мұны дәл қазір доғару керек!
"Сарапшылардың" кеңесіне құлақ түріп, өзгелер стиліңізді қалай қабылдар екен деп бас қатырудың орнына өзіңізді ойлаңыз. Белсенді емес демалысқа ыңғайлы киімнен бастаңыз. Бәлкім бұл киімдер бұрыңғыдай керемет көрінбейтін болар, бірақ неге олар сізге ұнайды? Мәселе түсінде ме, матасында немесе фасонында ма? Бәлкім бұл киімдер сіздің тәтті естеліктеріңізбен байланысты шығар? Дәл осы киімдер неге сізге өте ыңғайлы, сол себептерді табыңыз және біртіндеп сізге сенімділік беретін ең сүйікті образдарыңызға көшіңіз. Бәлкім, бұл кішкентай қара көйлек болар, джинс пен топтың үйлесімі болар, немесе артық бөлшектерсіз костюм болар. Әйел өзін жақсы сезінетін киімде алапат күш бар. Неге дәл осы стильдегі киімде өзіңізді сенімді сезінесіз, соны атап өтіңіз.
Гардеробтағы киімдердің мінездемесін салыстырғанда сізде нақты бір схема пайда болады. Бәлкім, сіз өзіңізді жарқын кестелі, ашық түсті, бос тұратын киімдерде жақсырақ сезінетін боларсыз? Немесе барынша байсалды монохром образдар мен уақыт талғамайтын классика ұнайтын болар? Өзіңізге қандай жаңалық ашсаңыз да, бұл жеке дара стиль жасаудың бастамасы ғана.
Сіз қазір ғана өзге адамдардың стиль бойынша кеңестерінен бас тарттыңыз, бірақ кейде құлақ асып тұруға да болады. Бірақ оны дұрыс іске асыру маңызды. Сіз пір тұтатын әйелдермен теңдесуге ұмтылудың орнына, сізге ұқсайтын әйелдерді іздеңіз және олардың стилінде сізге не ұнайтынын анықтаңыз.
Егер сіз белсенді өмір салтын ұстанатын болсаңыз, таза ауада жүргенді және спорттық аяқ киімдерді ұнатсаңыз Одри Хепбернге еліктеудің мәні жоқ. Дәл сол сияқты егер сіз интроверт болсаңыз, офисте жұмыс істесеңіз және өзіңізге назар аударылғанын сүймесеңіз онда ешқашан Гвен Стефани бола алмайсыз. Стиль бойынша еліктеуші адамдар міндетті түрді танымалдылар болуы міндетті емес. Туыстарыңызға, достарыңызға, әріптестеріңізге және сіздің салаңызда бұрыңғы онжылдықта жұмыс істеген әйелдердің стильді образдарына назар аударыңыз.
Бұл жаттығудың мақсаты өзгенің стилін көшіріп алу емес, өзгелердің киімінен өзіңізге тән бұйымдарды табу және оны өз стиліңізде қалай қолдана аласыз, соны түсіну.
Стильдегі қалауларыңыз жайлы білген болсаңыз, соны есте сақтап алыңыз. Енді біз сізге сән тарихынан кеңес айтамыз. Стиль бойынша гидіңіз Кристиан Диордың «Маленький словарь моды» кітабы, «Женщины в одежде» эссесінен топтамалар және Нина Гарсияның «Маленькая черная книга о стиле» туындысы болады».
Өзіңіздің стиліңізді анықтаған соң базалық гардероб жасауға кірісіңіз. Жеке стиліңізге сәйкес келмейтін ескі киімдерден арылыңыз және жаңа киімдерді сатып алуда өзіңізге ережелер бекітіңіз. Бұл сіздің гардеробыңыз және ондағы ережелерді тек сіз орнатасыз. Этикалық базалық гардеробты құрайтын маңызды киімдер жайлы толығырақ біліңіз.
Image credits:
Header image: Getty Images
Image of woman looking through a rack of curated clothes: Stocksy
Image of two women in front of a roller-door wearing trendy outfits: Stocksy
Гардеробыңызды жаңартып жатқанда біз тұрақты дамуды қамтамасыз ету бойынша қаншалықты еңбектеніп жатқанымызды ойланудамыз. Perwoll не істеп жатқанын және қандай жоспарлары барын білгіңіз келе ме? Мына жақтан толығырақ оқыңыз