Винтаж көйлектер сәнге қайта оралды. Және бұл таңғаларлық жаңалық емес. Себебі, одан асқан тартымды әрі биязы көйлек бар ма? Сән индустриясы баяу болса да киім сатып алуларға этикалық және әлеуметтік жауапты көзқарасты шарасыз қабылдап жатыр. Көп ұзамай винтажды заттар жылдам, бір реттік сәнді ығыстырады.
Өзіңізге жарасатын винтаж көйлек-комбинацияны тапқаннан кейін бір күні «Мұны қалай жуамын?» деп бас қатыратыныңызға сенімдіміз. Әсіресе егер ол жібек немесе барқыт сияқты нәзік маталардан тігілген болса және күтім бойынша затбелгісі болмаса. Төменде біз винтаж көйлегіңізді жуу бойынша және оны күтіп кию бойынша бірнеше кеңес ұсындық.
Ең үздік деген винтаж киімнің өзі… ескі. Бұл дегеніміз, сіз тауып алған көйлекті бүлдіріп алу оңай, бәлкім, оның ақауы бар да болар. Матасын анықтайтын затбелгінің болмауы да сізге проблема тудыруы мүмкін. Егер құрамын білмесеңіз, оны абайлап пайдаланыңыз.
Винтаж материалдарда көбіне сыртқы келбетін және заманауи маталардың сапасын жақсартатын химиялық қорғаныс қабаты болмайды. Бұрыңғы кездері киімді көбіне жібектен немесе баршын матадан тігетін, бояулары тез кететін және нәзік болатын.
Ең бірінші қойылатын сұрақ: «Бұл жібек емес пе?» болуы тиіс. Егер жауабына сенімді болмасаңыз, онда өзіңіз тексеріп көріңіз: матаны қолдарыңызбен уқалаңыз. Табиғи жібек өте жұмсақ болады және уқалағанда жылу сезінесіз. Кейін матаны сақинаның ортасынан өткізіңіз: жасанды жібек жиырылып қалады, ал табиғи ортасынан сырғып өтеді. Егер мата өрнектелген болса ішкі жағын қарап көріңіз. Табиғи жібекте бір жағынан өрнек көрінсе, екінші жағынан — оның сұлбасы көрінеді. Ал жасанды жібекте бір жағынан өрнек көрінсе, екінші жағы бір түсті болады.
Жылдар бойы шкафта шаң басып жатқан винтаж киімдерге қандай күтім жасау қажет? Қарапайым үш қағиданы ұстану маңызды:
1. Лайықты өнім. Көптеген винтаж киімдер қолмен ұқыпты жууды талап етеді. Дегенмен тігістің ішкі жағына кір жуу өнімін қосып, Perwoll Жүн және Жібек,қалай әсер ететінін көріңіз. Егер мата жиырылып қалса немесе бояуы ағып кетсе, көйлекті химиялық тазалауға бергеніңіз жөн.
Кеңес. Жуар алдында барлық дақтарды Perwoll Wool және Delicates Fibrecare Advanced Perwoll Жүн және Жібек сияқты қолайлы құралдармен өңдеп алыңыз, әйтпесе дақ матаға тез сіңіп қалуы мүмкін.
2. Қолмен ұқыпты жуу. Егер өте нәзік матадан тігілген киімді жуу қажет болса, кір жуғыш машина қолданбаған жөн. Оның орнына шараға ұқыпты кір жуатын құралдың (Perwoll Жүн және Жібек), бірнеше тамшысын тамызып , суық сумен толтырып, көйлекті жуыңыз. Артық суды сығып алмастан бұрын екіден көп рет шайыңыз. Назар аударыңыз! Ешқашан матаны орап сықпаңыз.
3. Киімді көлденеңінен кептіріңіз. Кептіруге дайын болған кезде, оны көлденең тегіс бетке (әсіресе ол ауыр болса) жайыңыз, қатпарлар пайда болмас үшін пішінін абайлап келтіріңіз.
Егер сіздің винтаж киіміңіз жібектен немесе нәзік матадан тігелмеген болса не істеу керек? Кір жуғыш машинада мақта мата, зығыр, полэстер, нейлон мен көптеген басқа синтетикалық материалдарды жууға болады. Нәзік кір жуу құралын пайдаланыңыз (Perwoll Жүн және Жібек) және қолмен жуу режимін қойыңыз. Егер сіздің көйлек-комбинацияңыз, керісінше, крептен, трикотаждан немесе жасанды жаймалық ілмекөрім жібектен жасалған болса оны мамандарға берген жөн. Нәзік аршылмаған жібекті де химиялық тазалауға берген жөн.
«Кербездік — ешқашан солмайтын сұлулық», - Одри Хепберн
Image credits:
Header image: Getty Images
Image of woman wearing a slip dress over a shirt: Nabile Quenum/Blaublut-Edition.com
Graphic of a handwash symbol: Shutterstock