Жаңа киім сатып алмай-ақ өз гардеробыңды қалай жетілдіруге болады? Ұсынып отырған видеода біз ақ жейдені алты түрлі әдіспен қалай өзгертуге болатынын көрсетеміз. Винтаж дизайны бойынша кеңестер арқылы киімдерді қалай барынша тартымды етуге болатынын біліңіз.
Ақ жейде — бұл классика. Оны кез келген киіммен үйлестіруге болады. Сіз ескі-құсқы киім базарынан немесе досыңыздың ақ іскер жейдесін алып, қарапайым аксессуарлар арқылы оны әсемдей аласыз.
Сізге қажет заттар:
- ақ жейде;
- аксессуарлар (белдіктер, танамоншақтар, манжеттер, зергерлік бұйымдар, шашқа арналған резеңкелер, шарфтар және т.б.)
Не істеу керек:
1. Белді белдікпен немесе шарфпен байлап алыңыз
Олар әсіресе кең өлшемді жейделермен әдемі көрінеді. Шарф немесе белдік беліңізді айқындап, жарқын түсті акцент береді.
2. Жағасын түрлендіріңіз
Шаш қыстырғыштарды шашыңызға ғана емес, жейделер үшін де пайдалана аласыз. Шаш қыстырғышты жағасына қыстырып қойыңыз, сонда жейдеңіз кешкі отырысқа арналған әдемі киімге айналады.
3. Түймелерді клипстермен әсемдеңіз
Бұл жұмыс күнінен кейін бірден көңіл көтеруге аттануға мүмкіндік беретін ең оңай әрі әдемі тәсіл. Сонымен қатар, ешқашан киілмейтін клипстерді тиімді пайдаланудың амалы. Оларды ілмекке бекітудің ең дұрыс жолы, түйменің астынан кигізу, бірақ бұл ілгектің түріне байланысты. Егер олай жасауға келмесе, онда ішкі жағынан түйреуішпен қыстырып қоя аласыз.
4. Барлық түймесін түймелеп, ірі моншақ тағып алыңыз.
Өздерін емін-еркін сезіну үшін еркектер әдетте жейденің мойын тұсының түймелерін ағытып қояды. Әйелдерге біз керісінше істеуді ұсынамыз, бірақ ол үшін соған сай аксессуарларды тағып алу керек.
5. Көзге түсетін танамоншақтардың көмегімен жейдені түрлендіріңіз, қиялыңызға ерік беріңіз.
"Қарапайым жейдені танамоншақпен әсемдеу жаңа идея емес. Дегенмен дизайн бойынша осы қарапайым ережені көбі ұмытып кеткен. Қуанышымызға орай, танамоншақтар сәнге қайта оралып жатыр. Ерекше орналастыру және танамоншақтардың түр-түрін қолдану аға буын үйреншен дизайннан сәл өзгеше. Туғандарыңыздың қораптарынан шаң басып жатқан танамоншақтарды тауып, жейдеңіздің дизайнын әрдайым түрлендіріп отырыңыз.
6. Жеңіңізді қайырыңыз да...
жаңа дизайн жасауға кірісіңіз. Өлшемі кең жейделерді түрлендіру бойынша тағы бір тамаша кеңес. Жарқын манжеттер, жұмсақ браслеттер немесе матамен көмкерілген шашқа арналған резеңкелер киіміңізді әсемдеп қана қоймай, қайырылған жеңдердің түсіп кете бермеуін қамтамасыз етеді. Артық матаның көмегімен фонарь-жеңдер сияқты көлем бере аласыз.
Біздің үйрететін видеолардағы әдіс-тәсілдерді қолданып үйренген соң ақ жейдені жиі киетін боласыз. Ең бастысы жиі әрі дұрыс жуу, сонда ол әрдайым таза әрі балғын көрінетін болады.
Ақ жейдеңіздің өмірін ұзартатын және ақ түсін сақтауға мүмкіндік беретін кеңестер.
- Әрдайым ақ заттарды өзгелерден бөлек жуыңыз
- Кір жуғыш машинаның таза болуын қамтамасыз етіңіз: есігінің айналасына жиналатын мата қалдықтары ақ киімге сіңіп қалуы мүмкін.
- Дақтарды жуар алдында өңдеп алыңыз
- Ұсынылған температурада жуыңыз
- Жуғанда "Ақ түске арналған Perwoll" құралын пайдаланыңыз. Ол киімдердің ақ түсін ағартқышсыз-ақ қайта қалпына келтіреді. Арнайы формуланың арқасында ол талшықтарды қатайтады және жұмсартады. Осылайша түсін біркелкі әрі әппақ етеді.
- Ультракүлгіннің ағартатын қасиетін пайдалану үшін киімдерді күн астында таза ауада кептіріңіз.