Skip to Content

Суперсәнді: ақ жейдені жаңартудың 6 тәсілі

Киіміңіз ескіргенін қаламайсыз ба? Гардеробыңызды түрлендіруге көмектесетін қолөнер бойынша бірнеше кеңес. 6 түрлі нәтиже шығару үшін көп шығындалмай, ақ жейдені түрлендіруге көмектесетін видеоны ұсынамыз.

Ескі киімді қалай жаңартуға болады?

Әрине, кимейтін киіміңізді лақтыра салуға да болады, бірақ сәннің жаңа концепциясы бұл тәсілді қолдамайды. Оның орнына киімге ақ кенеп ретінде қарап көріңіз.

Видеоларымыздың бірінші бөлімінде біз аксессуарлар арқылы ақ жейде дизайнын қалай жаңартуға болатынын көрсеттік. Бұл шығарылымда біз қолөнерге арналған сәнді идеялармен шабыттанып, ақ жейдені әшекейлермен қалай түрлендіруге болатынын түсіндіреміз. Ал үшінші шығарылымда біз жейдені тіліктермен, таңулармен және аударумен қалай түрлендіруге болатынын үйретеміз.

Қолөнерге үйрету: ақ жейденің дизайнын әшекейлер арқылы жаңарту

You need to accept cookies to play this video

Сізге қажет заттар:

  • ақ жейде;
  • әшекейлер (інжулер немесе моншақтар, декоративті мата немесе термоклей элементтерінен жамаулар, әдемі түймелер, матаға арналған бояу, декоративті жиектеме, жылтырағы бар жиектемелер және т.б.);
  • құрал-жабдықтар (ине мен жіп, термоклей немесе өздігінен жабысатын жиектеме, қайшы, матаға арналған желім, үтік).

 

Не істеу керек:

1. Жағасын інжулермен безендіру

Декоративті інжулер, моншақтар немесе тойтармалар жағаңызға назар аудартады. Сәнді монохром образ жасау үшін түрлі өлшемдегі інжу-маржандарды және інжуі бар жиектемелерді ақ жағаға тіктік. Егер тіккіңіз келмесе, матаға арналған клейді пайдалана аласыз. Мерекелік образ жасау үшін інжулерді түрлі-түсті моншақтармен немесе жылтырақтармен алмастыруға болады. Тойтармалар панк стилін жасайды. Өз қиялыңызға ерік беріп, дизайнды қалауыңызша жасай аласыз.

2. Қалталарын айшықтаңыз
Кеуде тұстағы қарапайым ақ қалталар ескі заманда қалды. Бұл қалталарда құстар ұшып жүрсін, дәл мына фламинго салынған суреттегідей. Біз жейдені түрлендіру үшін қызықты матаның суретін және өздігінен жабысатын лентаны пайдаландық. Суретті түбегейлі жабыстыру үшін термоклей тойтармасын алып, қалтаға тігіңіз.

3. Басты рөлде — түймелер
Киімді түрлендірудің ең оңай жолы қарапайым түймелерді ерекше түймелермен алмастыру. Жай ғана ақ түймелерді алып тастаңыз да, оның орнына жарқын, жарқыраған, ерекше түймелерді тігіңіз. Біз жұлдыз пішінді күміс түймелерді таңдадық

4. Шашу
Матаға арналған бояулар әртүрлі түсті болады және пішіні мен көлемі әртүрлі құтыларда сатылады. Бізге бүріккіш бояулар ұнайды. Оны пайдалану жеңіл және әдемі акварель эффект береді. Айналаға шашырап кетпеуін қадағалаңыз, қолғап киіңіз және алдыңғы жағы мен жейденің арқасы арасына өткізбейтін қорғаныс материалын қойыңыз. Русалка бейнесін алтын белбеумен аяқтаңыз.

5. Түйреуіштер пайдаланыңыз
Түйреуіштер панк стилі дәуірінен киімдерін өз қолымен безендірушілерді шабыттандырып келеді. Біз кең жейдені белінен тарту үшін өте үлкен түйреуіштерді алдық және алынған торға жалпақ декоративті тойтарма жабыстырдық.

6. Киіміңізді жақсы көріңіз
Өз киіміңізді қаншалықты жақсы көретініңізді алтын жылтырақ әріптермен жазып көрсетіңіз. Жылтырақ тойтарманы матаға арналған клеймен жабыстырыңыз немесе тігіп қойсаңыз болады.

Әшекейлі киімдерді қалай жуу керек

Кеңестерімізді іс жүзінде қолданып көрсеңіз жейдеңіз бұрыңғыдай қарапайым көрінбейтін болады. "Ақ түске арналған Perwoll" құралдарымен әрдайым оларды дұрыс жуыңыз. Клейі бар, боялған, жылтырағы немесе термоклей тойтармасы бар киімдерді жуу қарапайым киім жуудан ерекшеленуі мүмкін екенін ескеріңіз. Безендірілген киімдерді бірінші рет жуар алдында тексеріп алыңыз.

Қатысты мақалалар

  • Perwoll Ақ түсті және матаны қалпына келтіру әсері

    Ақ киіміңіздің жарқырауын сақтаңыз және оларды өңсізденуден сақтаңыз.