Skip to Content

Пингвиндер жемпірі: екінші қайтара пайдаланудың ең сүйкімді жобасы

Жылы, жұмсақ свитерлер сүйкімді кішкентай пингвиндерді құтқарып қалғаны туралы оқиғаны естіген бе едіңіз? Жоқ, бұл блогердің қиялынан туындаған дүние емес, шынайы оқиға. Мұнай төгіндісінен зардап шеккен пингвиндерді құтқаруда қайта өңделген киімдер өте маңызды рөл атқарды. 

Өкінішке қарай, кішкентай пингвинді пошта маркері пішіндес бір тамшы май да өлтіре алады. Қалай дейсіз ғой? Пингвиндердің қауырсыны майдан түсіп қалады немесе жабысып қалады. Ол содан тоңып, ауырлап, тамақ аулау мүмкіндігінен айырылады. Сырттан көмек келмесе олар соңында суықтан және аштықтан өледі.

Шешім: пингвиндерге арналған жүн жемпірлер. Мұнайға батқан пингвин Австралиядағы жабайы табиғат қорығының клиникасына (Phillip Island Nature Parks) түссе жүн свитер көмекке келеді. Ол мұнайды жұтып қоймас үшін кішкентай құсқа қауырсындарын жұлуға мүмкіндік бермейді.

Ал қызметкерлердің әр құсты мұқият жуындыратын біршама уақыты болады.

Соңғы рет мұнай Филлип аралының маңында төгілген еді, ол кезде 438 кішкентай пингвиндер зардап шекті (1). Еріктілер көмегінің арқасында, шамамен 96% пингвин құтқарылып, қалпына келіп, қайта еркіндікке босатылды. 

Тұрақты даму саласындағы жұмыстардың жалғасы

Бұл оқиғаның соңы табысты аяқталды — бағдарлама сәтті жүзеге асты. Пингвиндер қоры он мыңдаған жүн свитерлермен толықты. Соңында тіпті енді свитерлер жібермеуді сұраған болатын.

Қор пингвиндер популяциясын сақтау бойынша жұмысын жалғастыруда. Олар пингвиндерді қорғау, зерттеу және клиника жұмысы үшін өлшемі, пішіні немесе жүннің түрі бойынша сәйкес келмеген кішкентай свитерлерді сату арқылы қаржы жинап жатыр. Кейбір жемпірлер жабайы табиғатты қорғаудың басқа да орталықтарына жіберілді.

Және тағы айта кетерлік жайт, кішентай свитерлер тұрақты даму бойынша мәселелерге қатысты оқу құралы ретінде көрсетіліп жүр. Соның көмегімен қор теңіз және жағалау маңындағы аймақтың ластануы жабайы табиғат пен қоршаған ортаға қандай залал тигізетінін әңгімелейді. Егер сіз кішкентай пингвиндерге немесе жергілікті қайырымдылық қорына жүн свитерлер бермек ойыңыз болса, кез келген пішіндегі және өлшемдегі жүн киімдерді жуу бойынша мына кеңестерге құлақ түріңіз.

Кір машинада жүн киімдерді жуу бойынша чек-лист

Баланыкі болсын, ересектікі болсын жүннен жасалған киімдер дұрыс жуылуы керек.

  1. Қолмен болсын, кір жуғыш машинамен болсын, бәрібір, жуар алдында күтім затбелгісін оқыңыз. Затбелгідегі нұсқаулықпен танысыңыз. Әдетте, бұйымды күту тәсілі сонда жазылады.
  2. Жууға арналған қапшықты пайдаланыңыз. Нәзік заттарды жууға арналған осындай қапты жүн киімдер үшін де пайдалануға болады. Қап міндетті емес, дегенмен ол барабанның ішіндегі заттардың бір-біріне ілікпеуіне көмектеседі және зақымдануларды болдырмайды.
  3. Жуу үшін қолайлы режимді таңдаңыз. Кір жуғыш машиналардың көпшілігінде жүн киімді жууға арналған арнайы бағдарлама бар. Егер ол болмаса, киімнің жиырылып қалуын болдырмау үшін машинадағы суық сумен жуу режимін таңдаңыз. Сондай-ақ, қолмен жууға арналған бағдарлама да жарайды, ол жүнді мұқият жуады.
  4. Кір жууға арналған құрал Perwoll Wool and Delicates Fibrecare Advanced  қосыңыз: ол жүн және нәзік матадан жасалған бұйымдарды жуу үшін арнайы жасалған. Нұсқаулықты оқып, сізге қажет көлемді анықтау үшін қалпақшаны пайдаланыңыз. 
  5. Ауада кептіріңіз. Жуғаннан кейін жүн заттарды кептіруге жайып қойыңыз. Кептіру үшін барабанды пайдаланбаңыз — бұл бұйымның жиырылып қалуына әкелуі мүмкін. Егер өнім тым дымқыл болса, оны таза сүлгіге орап, жақсылап сығыңыз. Содан кейін кептіру үшін мұқият жайыңыз.

 Image credits:
Header image: Shutterstock
Image of penguin in pink pullover: Getty Images

Дереккөз:
Табиғатқа арналған тоқыма бұйымдар

Пингвиндер керемет қой, иә? Perwoll-дың тұрақты дамуға қосқан тағы басқа үлесі жайлы оқи отырыңыз. Мына жерден толығырақ оқыңыз .

 

Қатысты мақалалар

  • Шексіз киім

    Сіз білуге тиіс баяу сәннің үш жобасы