"Экобелсенділер мен экодизайнерлер бізді баяу сәнге қатысуға шабыттандырады. Онлайн немесе офлайн-дүкен сөрелеріндегі заттар гардеробымызда нені көргіміз келетінін таңдауға мәжбүрлейді. Өз таңдауымызбен біз қоршаған ортаға әсер етеміз, әр заттың құрамындағы дүниелер әлемдегі су, ауа денсаулығына және пошта қызметіне әсер етеді. Егер киімдердің жылдам сәні тоқтаса, бұл әркімге пайда әкеледі.
Сәнді индустрия баяулай бастайды, бизнестегі этикалық және тұрақты тәжірибелерді ұстана бастайды. Тұтынушылар ретінде, біз бұл қозғалысқа қатыса аламыз – сатып алуда үнемі саналы әрекет етіңіз. Алған киіміңіз қоқысқа кететін трендтердің қатарында болмасын. Баяу сән өміріміздің бір бөлшегіне айнала алады: біз жобаның үш түрін қарастырамыз, олардың мақсаты — жағдайды өзгерту.
"Әдеттерімізді жақсартуға ынталандыру үшін марапаттар мен сыйдан асқан ештеңе жоқ. Әділ сәнге қолдау көрсеткендері үшін дизайнерлер мен компанияларға арналған көптеген марапаттар бар.
Green Carpet Fashion Awards марапаты тұрақты инновациялар саласында танымал, өйткені оны әлемге танымал Голливуд жұлдыздары табыстап, саналы түрде жасалған сауданың қаншалықты маңызды екенін қоғамға үгіттеуге көмектеседі.
Sustainable Fashion Awards марапаты қоршаған ортаға әсерді төмендетуді көздеп, жауапты қарым-қатынас пен әрекеттерге барып жүрген дизайнерлер мен брендтердің ең тұрақты идеялары үшін беріледі. Ақшалай сыйақы екі бөлікке бөлінеді: жартысы жеңімпазға, жартысы — қоршаған ортаны қорғауға бағытталған қоғамдық ұйымға беріледі.
Redress Design Award марапатын жеңіп алған, Мельбурндағы сән факультетінің түлегі Tess Уитфорт (Tess Whitfort) былай дейді: «Біз жаңа экологиялық маталар мен процесстерді, жасанды интеллекті пайдалана отырып, қалдықсыз үлгілер шығара отырып, қоршаған ортаға теріс әсерді азайтуда жауапты боламыз». Экомода жақтастары дизайнер әріптестерін киім өндірісінің зияны туралы ойлануға шабыттандыра отырып, қозғалысты жаңа белеске шығаруға көмектесе алады және экологиялық киімнің керемет екенін түсіндіреді!"
Былтыр TED конференциясында «Қолдану: тұтынушылықтан тыс сән» тақырыбында сөз сөйлеген тұрақты даму, дизайн және сән саласында қызмет ететін профессор Кейт Флетчер тұрақты таңдау мен саналылықтың жарқын өкілі бола алады. Осылайша, Флетчер киім таңдауымызға әсер ету үшін «Бәрі бірге қалай жұмыс істейді» деген зерттеу жүргізіп жүр. Лондондағы Тұрақты сән орталығының мүшесі бола отырып, ол жақында «Сән экологиясы» атты жобаға басшы болды. Бұл қызықты тәжірибе жергілікті мәселелерді, сондай-ақ киім, адам және олардың ортасы арасындағы өзара іс-қимыл мен байланысты зерттеді.
Жергілікті үлгілер арқылы жалпы сән картинасын зерттеуге кеткен күш пен уақыт міндетті түрде қазіргі сәннің таңдауын жақсарта түсуге ықпал етеді. Және біз әділі сән мен баяу сәнді таңдай отырып, болашақ үшін бірге қалай жұмыс істей алатынымызды көрсетеді.
Тұтынушылар әр заттың құнын біліп, оны барынша ұзақ уақыт пайдалануға тырысқан кезді ұмытып қалған да шығар. Біз киімнің сөгілген жерлерін махаббатпен қайта тігіп, тесіктерін кестелеп жамап алатынбыз. Бүгінде етегі салбырап кетсе де, түймесі түсіп қалса да киімді лақтыра салатын болдық. «Жөнделген бұйым» жобасы («Visible Mending») киімнің қызмет ету өмірін ұзартуға және киімдерімізді сүюге үгіттейді.
Сайт Mendspiration бөлімін ұсынады — онда киімді қалай жамап алуға болатыны көрсетілген, сонымен қатар, жазбалар мен блогтарда ақылмен тігудің артықшылықтарын жеңілдетіп көрсететін көптеген қызықты шабыттандыратын оқиғалар баяндалған. Олар өзгелерді әлеуметтік желілерге тартып, өздерінің мақтаныш тудыратын креативті шешімдері мен киімдерге қайта өмір сыйлағандары жайлы жариялауға ынталандырады.
Егер біз бәрін жамап, кестелеп, тігетін болсақ, онда киім қоқысқа аз тасталады – біз клондалған сәнмен күресте өз даралығымызды ашамыз.
Image credits:
Header image: Getty Images
Image of Green Carpet Fashion Awards event: Getty Images
Image of Redress Design Award winner: Redress Design Award PR
Баяу сән саласындағы бастамалар бізді жетістіктерімен жігерлендіреді және ынталандырады. Тұрақты даму саласында Perwoll қалай дамып жатқаны жайлы оқыңыз