Skip to Content

Суперсәнді: Суперсәнді: жейдені орамдар мен тіліктер арқылы жаңартудың 6 тәсілі

Жейдеге тағы бірнеше эксперимент жасауға қалай қарайсыз? Төменде тіге алмайтындар да жасай алатын қызықты амалдар

Видеолар сериясының бірінші бөлігінде біз ескі киімдерді аксессуарлардың көмегімен қалай жаңартуға болатынын көрсеттік. Екінші шығарылымда ақ жейдені өз қолыңмен әшекейлермен ұзақ уақытқа немесе уақытша түрлендірудің амалдарын үйреттік. Үшінші шығарылым жейдеде тіліктер жасауға, сонымен қатар жаңа образдар жасау үшін байлау немесе аудару қалай көмектесетінін үйретеді.

Қолөнерге үйрету: байлау және тілу арқылы ақ жейдені қалай түрлендіруге болады

You need to accept cookies to play this video

Сізге қажет заттар:

  • ақ жейде;
  • қайшы;
  • құрал-жабдықтар (ине мен жіп, термоклей немесе өздігінен жабысатын жиектеме, матаға арналған желім).

 

Не істеу керек:

1. Арқадағы тілік
Тілік жасаудың бұл қарапайым тәсілі қатты жабысып тұратын немесе сәл бос жейдеге жарайды. Арқа бойымен ортасынан ұзын етіп тіліңіз (кеспес бұрын матаның бойымен бормен немесе жуылатын маркермен түзу сызық сызып алыңыз). Видеода көрсетілгендей тіліктің шет-шетін өзі жабысатын тойтармамен бекіту оңай. Тілікті өңдеу үшін және жіптері шығып кетпес үшін термоклей лентаны пайдаланыңыз немесе шетін ілмектеулі ілгектермен өңдеңіз. Жейде дайын болғанда артқы тілігімен кие аласыз (жабысып тұратын топтың сыртынан немесе тек өзін). Балама ретінде бекітілмеген етектерін байлап қоя аласыз немесе танамоншақтар, түйреуіштермен бекіте аласыз.

2. Жағасын қалдырыңыз
Ескі киімдеріңізді тастауға асықпаңыз! Өзіңізге ұнайтын бөлшектеріне назар аударыңыз. Сіздің ақ жейдеңіздің жағасы әдемі болуы мүмкін, оны свитермен үйлестірсе қалай болады? Егер сізге жейдеңіздің түр-әлпеті ұнамаса, немесе ол сізге жараспай қалса, дақ түсіп, бүлінсе оны тастай салуға болады, бірақ жағасын қалдырыңыз. Ол ішінен ештеңе киюге келмейтін, денеге жабысып тұратын свитермен әдемі үйлесуі мүмкін.

3. Жағасын ішке қайырыңыз
Мойныңызды ашатын, сізді бір сәтте түрлендіріп жіберетін әрекетке дайынсыз ба? Ақ жейдеңіздің үш жоғарғы түймесін ағытыңыз да жағасын ішке қайырып қойыңыз... Болды, енді сіз отырысқа дайынсыз.

4. Байлаңыз және аударыңыз
Ақ жейдені әрдайым күрделі өзгеріссіз-ақ түрлендіруге болады. Кейде оны өзіңізге қалай ұнайды, солай қайыра салуға болады. Өлшемі өте кең жейдені қолтық деңгейіне дейін түсіріңіз де, қолдарын алдыңғы жағынан түйіншектеп байлаңыз. Матасы қаншалықты сырғанақ болатынына байланысты, түйінді бекіту үшін сізге түйреуіш немесе декоративті танамоншақ қажет болуы мүмкін.

5. Түйін етіп байлаңыз да, қыстырыңыз
Естідіңіз бе? Қысқа топтар қайтып оралып жатыр! Егер жаңа қысқа киім сатып алғыңыз келмесе, киімді өз қолыңызбен түрлендіре аласыз және сәнді болып қаласыз. Сізге үлкен өлшемді жейде қажет болады. Кіндікке дейін түймесінен ағытыңыз, етегін түйін етіп байлаңыз, етектерін қыстырып қойыңыз.

6. Киімдерді айналдырып киіңіз
Ақ жейденің алдыңғы жағын артқа қаратып кисеңіз бұл киімге жаңа, әрі сәнді өң береді. Жағасын водолазкадағы сияқты көтеріп қойыңыз, немесе ішке қарай қайырып кіргізіп қойыңыз. Жейденің арқасы тік болғандықтан оны белінен тарылту үшін сізге белдік, шарф немесе сым қажет болады.

Өз қолыңмен жаңартылған киімді қалай жуу керек

Ескі киімдерге жаңа өмір сыйлағаннан кейін, ол әрдайым жаңа күйін сақтап тұруын қалайтыныңыз анық. "Ақ түске арналған Perwoll" құралы ақ матаның талшықтарын тегістейді, өңің кетірмей, ұзақ сақтайды. Егер жейдеге тілік жасаған болсаңыз, шеті түктеніп кетпес үшін тігіспен немесе термоклей лентамен өңдеу қажет болады.

 

Қатысты мақалалар

  • Кинцуги өнері

    Ежелгі жапон философиясын қолданып джинстерді қалай жөндеуге болады