Шляпаларды сүйетін Фаррелл Уильямс Грэмми сыйлығының иегері, рэпер әрі музыкалық продюсер. Бұған тағы бизнес-кәсіпкер және тұрақты сәннің революционері дегенді де қосуға болады. Себебі ол бақыт пен бүлінген шекаралар туралы ән айтпаған кезінде мұхит пластиктерін дизайнерлік джинс киімдерге айналдырумен шұғылданады.
Ойын-сауық пен сән әлемдері жиі ұштасады және осы тұрғыда Уильямс та шет қалған жоқ. Ол өз мансабында Moncler, Uniqlo, Louis Vuitton және Adidas сияқты түрлі брендтермен жұмыс жасады. Бірақ оның Billionaire Boy's Club көше әні Bionic Yarn экологиялық тұрақты текстиль компаниясымен тарихи кездесуіне әкелді. Бұл компанияның жоғарытехнологиялық жіптері мұхиттан жиналып алынған пластиктен жасалған.
Bionic Yarn жіптерінің патенттелген құрамы үш қабаттан тұрады: беріктікті қамтамасыз ететін өзегі, өңделген пластиктен орта қабат (жіптің 45%-ы) және матаға табиғи өң беретін мақта мата, жүн немесе зығыр сияқты талшықтардан тұратын жоғары қабат.
Қоқыс иірімжібінен қажет бұйым жасау үшін мына бес әрекет қажет:
- Теңізден пластикалық бөтелкелерді жинау;
- Бөтелкелерді фрагменттерге ұсақтау;
- Фрагменттерді қыздыру;
- Фрагменттерден жіп орау;
- Жіптен мата өндіру.
Вильямс технологияға қайран қалады, тіпті үшінші серіктесі болуға ұсыныс білдіреді (екі құрылтайшы Тим Комбос және Тайсон Туссант). Bionic Yarn креатив директоры ретінде Уильямс G-Star RAW компаниясымен ынтымақтастық орнатады. Осылайша, 2014 жылы Raw For The Oceans қайта өңделген мұхиттық пластиктен джинстер желісін ұсынады. Коллекция мұхит қалдықтарын сәнді джинстерге айналдырудағы тамаша жұмыс нәтижесі болды.
Raw For The Oceans топтамасы — G-Star RAW компаниясынан тұрақты дамудағы маңызды оқиға. Төрт коллекцияның әрқайсысына 10 тоннаға жуық пластик өңделді. Сән төңкерісі бизнестің басқа да салаларын қамтыды. 2015 жылы компания барлық ассортимент үшін 2 миллион пластик бөтелке мен 1000 тонна пластик қоқыс қолданғанын есептеген.
2016 жылы Вильямс G-Star RAW компаниясының тең иесі болды. Ол стратегиялық серіктестікті қалыптастыру үшін компанияны сатып алды. Бұл жаңалықты ол әдеттегідей өз стилінде Instagram арқылы жеткізді: «Мен енді бизнес басқарамын. Бүгінгі күннен бастап G-star RAW компаниясының тең иесі екенімді қуана хабарлаймын».
Вильямстың компаниядағы қызметі — дизайнға, жарнамалық науқандарға, сондай-ақ компанияның стратегиясын анықтауда шығармашылық идеялар ұсыну. Жақында ол Джейден Смитті экологиялық джинс желілерін құруға тартты. Бәлкім, бұл танымал достарды тартудан да маңызды болар. Уильямс экологиялық тиімді сәнге ұмтылуды жеделдетті. Bionic Yarn компаниясы бұрынғыдай жұмыс істейді, және G-Star Raw оның үлгісі бойынша «бесіктен бесікке дейін» тұжырымдамасына сәйкес сертификатталған джинс матасын әзірлеу мақсатында жеткізу тізбегінің ашықтығы туралы бірқатар уағдаластықтарды өз мойнына алды.
Оқиға мұнымен аяқталмайды. Уильямстың тынымсыз креативтілігі оның басты қасиеті мен ерекшелігі болар. Ол орасан зор жетістікке жетсе де, тоқтап қалған емес. Оның этикалық сән саласына қатысты тағы да бірнеше жобасы бар.
Мысалы, ол PANGAIA этикалық брендінің үлкен жанкүйері және олардың өнімдерін жиі қолдайды. Жақында PANGAIA вегандық мамық күртеше шығарды. 10 жылдық ғылыми зерттеулердің нәтижесі болған күртеше қаз қауырсындарынан емес, кептірілген жабайы гүлдерден, яғни зорлық-зомбылық қолданылмай жасалған, сондай-ақ өңделген материалдар мен пластикалық шөлмектерден жасалған астары бар жылытқышымен ерекшеленеді.
Сондай-ақ, аты аңызға айналған Chanel сән үйі үшін Уильямс капсул коллекциясын іске қоспақ ниетте. Бұл коллекция туралы көп мәлімет жоқ, алайда Уильямстің бұл саладағы тәжірибелігін ескерсек, баяу сән және тұрақты сән подиумның басты назарында болатыны сөзсіз.
Image credits:
Header image: Getty Images
Image of seahorse under water: Shutterstock
Image of Pharell Williams and group of people in laundry room: Getty Images
Image of model wearing big red coat: Courtesy of Pangaia