Біздің аз киім сатып алу және шкафтағы бар киімді күтіп кию туралы жеке дара шешіміміз жылдам сән әлемінде теңіздегі тамшы сияқты болып көрінер. Бірақ әрбір адамның үлесі баяу сәнге үлкен ықпал етеді. Киім-кешекке шығынды азайтып, не киеміз және қалай киетінімізге мұқият болудың уақыты келді.
Бүгінде сән әлемінде баяу сәннің бірнеше қозғалысы дамып келеді. Олар несімен ұқсас және айырмашылығы неде екенін қарастырамыз. Тұрақты сәнді меңгеру оның пәлсапасы мен идеясын түсінуден басталады.
Тұрақты сән» сөз тіркесі экологиялық немесе органикалық сән түсініктеріне синоним ретінде көп қолданылады. Бірақ кейде ол экологиялық таза маталарды қолданумен шектелмейді. Көп жағдайда веган сәнімен және жануарларға зиян келтірмейтін сән идеяларымен ұштасып жатады. Тұрақты сән киімдері қайта өңделген талшықтар немесе киімдерден жасалады. Бастапқы өндіріс болса белгілі бір стандарттарды ұстанады (1). Бұл стандарттар пестицидтер, гербицидтер мен уытты бояғыштарды шектеуге негізделген. Алайда киім «эко» деген белгіге ие болса, бұл оның қоршаған ортаға зиянсыз екенін білдірмейді. Көбі жылдам сән ғана ортаны ластайды деп ойлайды, бірақ экологиялық сән мұхиттардың ластануына әкелуі мүмкін. Синтетикалық талшықтар мен микропластик су қоймаларына түседі, сондықтан біз өз киімдеріміздің бөлшектерімен қоректеніп жүрген болуымыз да мүмкін (3). Киіміңіз қоршаған ортаға және теңізге қауіпсіз болуы үшін жууға арналған GUPPYFRIEND қапшығын қолданыңыз.
Тұрақты сән — бұл сән индустриясы қоршаған ортаға қалай әсер ететінін түсіну. Тұрақты сән жақтаушылары өндіріс салдарынан қоршаған ортаның ластануы мәселелерімен айналысады.
Әділ сән — біздің қалауымыз бен оны компаниялар қалай өндіретіні арасындағы үйлесім. Қозғалыс жақтаушыларын өндіріс тізбегін адамдардың еңбегін асыра пайдаланудан, қиналыстан арылтуға ынта байланыстырады (4). Әділ сән жақтаушылары жұмысшыларға лайықты жалақы төленіп, оларға қамқорлық көрсетілуін қалайды, үшінші әлем елдерінің өндірушілеріне қолдау көрсетеді. Олар сондай-ақ қызметкерлерге өз құқықтарын қорғауға мүмкіндік беретін жүйелі өзгерістерді және қоршаған ортаға зиян келтірмейтін өндіріс әдістерін қолдайды. Киімдерді экологиялық стандарттар бойынша өндіру ғаламшарға пайдалы болады, дәлірек айтқанда, ол сән индустриясының табиғатқа және мақта өсіретін, джинс бояйтын және мата өндіру кезінде химиялық заттектермен жұмыс істейтін елдердің адамдарына әсерін азайтады.
Әділ сән — бұл сәннің өндіруші елдер мен қызметкерлерге әсері. Ол адам еңбегін асыра пайдалану мен төмен жалақы, қауіпсіз еңбек жағдайлары, өндіруші елдер мен тұтынушы елдер арасындағы экономикалық теңсіздік сияқты мәселелерді шешеді.
Баяу сән — осы қозғалыстарды топтастыратын ортақ термин. Ол сән индустриясындағы тұрақтылықты талап етеді, бұл ретте әрқайсымызға үлес қосуға шақырады. Осының бәрін қалай біріктіруді түсіну керек.
Баяу сән осы сән тізбегіндегі барлық қатысушылар — дизайнерлерден бастап тұтынушыларға дейін әлеуметтік хабардар болуды көздейді. Бұл тізбектің барлық қатысушылары тоқыма өнеркәсібінің (5) жұмысшыларға, қоғамға және қоршаған ортаға шынайы әсерін сезінуі тиіс.
Киім сатып алушылар да үлкен үлес қоса алады. Жаппай өндіріс заттарын сатып алудың орнына, ескі киімге екінші өмір беруге болады. Санға емес, сапаға назар аударыңыз: жақсы сапалы киім ұзақ қызмет етеді. Сізге ұнаған немесе қажет киімді ғана сатып алыңыз. Түптеп келгенде, киімдеріңізге ұқыпты қараңыз, сонда олар ұзақ қызмет етеді.
"Жыл сайын 8 миллион метрикалық тонна пластик мұхиттарға түседі. Бұл әлемдегі жағалау сызығының әрбір метрін пластик салынған 15 пакетпен толтырумен тең". - Бернард Меркс (Bernard Merkx), Waste Free Oceans ұйымының тең құрылтайшысы
"Киім өмірін ұзартудың 5 тәсілі (және қоршаған ортаның микропластикпен ластануын азайту)
- Салқын суда жуу: осылайша пластик талшықтар аз бөлінеді.
- Кір жууға арналған Perwoll өнімін пайдаланыңыз: ол киімді ұқыпты жуады.
- Кір жуғыш машинаны киімдермен толтырып, барабанның төменгі айналу жылдамдығын таңдаңыз.
- Барабанда емес, ауада кептіріңіз.
- Кір жуу кезінде жүн бұйымдарды теріс айналдырып салыңыз немесе арнайы қапты пайдаланыңыз.
Image credits
Header image: Getty Images
Image of clothes rack with 100% Organic tag: Fotolia
Image of woman holding elegent piece of fabric: Stocksy
Image of woman pinning fabric: Stocksy
Дереккөз:
1 Тұрақты сән: киімнің сапасы мен өміршеңдігін арттыру бойынша практикалық ұсыныстар
2 Тоқыма өнеркәсібінің жаңа экономикасы: сән индустриясының болашағын қалай өзгертуге болады
3 Пластиктен киімдер
4 Әділетті сән: тұрақты даму сөздігі